ҚОШТАСУ ӨЛЕҢІ

lat: QOSHTASÝ ÓLEŃİ

қазақ ауыз әдебиетінде кеңінен орын алған жанр, елді, жерді тастап алысқа сапар шекенде, жақнын туыстарынан айрылғанда әнге қосып айтылатын мұңлы, шерлі сарынға толы салт өлеңі. Алғашқы үлгілері ерте заманда қалыптасқан. М. Әуезовтың жіктеуі бойыншаа) жерге, елге қоштасу (Ай, Таңсық өлеңдер) Сарыарқамен қоштасу (Күдері Қожаның Қарқаралыдан ауарда айтқаны), өмірдің өткен шағына қоштасу (Сабырбай ақынның Қуандық деген қызына айтқан сөздері, Кемпірбайдың, Әсетке айтқан өлеңі), б) Өтіп бара жатқан заманға қоштасу (Қаратоқа Есет бидің еңкейген шақтағы өлеңі, Тезек төреңің «Сексен» деген әні) сияқты түрлерге бөлінеді. Қазақ халқының «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Ер Сайын» секілді лироэпостық және қаһармандық жырларында қоштасудың аса көркем үлгілері кездеседі. Ұзатқан қыздың қоштасуы; Базардан келген кеселер, Шай самаурын еселер. Қызым-қызым деуші едің, Қош, аман бол, шешелер. Негимов С.